Жамбыл облысында атыс болды: зардап шеккендердің жағдайы қалай

Qaz365.kz редакциясы

Дәрігерлер Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында оқ жарақатын алған төрт ер адамның жағдайы туралы айтты

Жамбыл облыстық полиция департаменті

29 шілде кешкісін Мойынқұм ауылында атыс болды. Сағат 21:30 шамасында аудандық ауруханаға оқ жарақатын алған төрт ер адам жеткізілген, деп жазады Qaz365.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жараланғандар травматикалық қарудан жарақат алған. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабы 2-бөлігі бойынша (Адам өлтіруге оқталу — екі немесе одан да көп адамға қатысты, адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе бұзақылық ниетпен жасалған) қылмыстық іс қозғалды. “Күдіктілерді анықтап, ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары кешені жүргізілуде” деп хабарлады Жамбыл облыстық полиция департаменті.

Қазір оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүріп жатыр.

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жараланған төрт адамның екеуі жансақтау бөлімінде, екеуі хирургияда жатыр.

– 28 жастағы науқас 29 шілде күні сағат 21:10-да ауруханаға түскен. Диагнозы: “бас, кеуде тұсы және оң жақ білезік тұсындағы резеңке оқтан жарақаттану”. Оң маңдай-шек аймағында және оң білекте – жыртылған-кесілген жаралар. Оң және сол жамбас тұсында — көптеген шаншыла-кесілген жарақаттар, сыртқы қан кету, 2-дәрежелі жарақаттық шок. Жаралар бастапқы хирургиялық өңдеуден өтті. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақты, – дейді дәрігерлер.

26 жастағы науқас сағат 22:10-да түскен. Диагнозы: “сол білек, сол жамбас және оң қолдағы оқ жарақаты”. Оң қолдың екінші саусағының ортаңғы буынында ашық, ұсақталған сынық. Сол жамбаста – жанап өткен оқ жарақаты. Оң жамбаста – соқыр (кірген, шықпаған) оқ жарақаты. Сол білекте – кіріп-шығатын (сквозное) жарақат. Жаралар хирургиялық өңдеуден өтті. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Екі науқас хирургия бөлімінде. Бірі — басынан жыртылған-кесілген жарақат алған, екіншісі — қолынан оқ жарақатын алған. Екеуі де операция жасалды, жағдайлары тұрақты.