Жол полициясы қызметкерлері жүргізушілерді жылдамдық режимін сақтап, жол қозғалысы ережелерін бұзбауға шақырады.
Жетісу облысында жол ауа райының күрт нашарлауынан облыста бірнеше жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
– Соңғы екі жол апаты Ақсу ауданындағы Сағабуен кентінің маңында тіркелген. Елді мекеннен шыққан кезде Mitsubishi Lancer көлігінің 29 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай, көпірден құлап кетті. Екі адам зардап шекті. Сондай-ақ, Алматы-Өскемен автожолының 359 шақырымында (Сағабуен ауылының тұсында) Cherry кроссовері Камазбен соқтығысқан. Оқиға орнында 3 адам қаза тапты, олардың арасында жас бала бар. Зардап шеккен тағы екі адам ауруханаға түрлі жарақаттармен жеткізілді, – дейді мамандар.
Жол полициясы қызметкерлері жүргізушілерді жылдамдық режимін сақтап, жол қозғалысы ережелерін бұзбауға шақырады.