"Қазақстанның мемлекеттігі жоқ...": таэквандошы Глеб Лимар мәлімдеме жасады

Qaz365.kz редакциясы

Маған түсіністік танытасыздар деген ойдамын

Видеодан кадр

Қазақстандық таэквондошы Глеб Лимар видеоүндеу жасады, деп хабарлайды qaz365.kz.

“Қазақстанның мемлекеттігі жоқ…”. Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде осындай мазмұнда жазылған пікірдің скриншоты тарап, пікір иесінің қазақстандық таэквондошы Глеб Лимар екені айтылған еді. Осы оқиғадан  кейін Лимардың өзі әлеуметтік желіге шығып, "парақшасын біреулердің бұзғанын" мәлімдеді.

 

"Бұл жағдай қарапайым азамат ретінде де, спортшы ретінде де менің беделіме нұқсан келтірді. Мен өзім Қазақстан құрама командасының мүшесімін. Талай мәрте байрақты бәсекелерде еліміздің намысын қорғадым. Маған түсіністік танытасыздар деген ойдамын. Алға, Қазақстан!" – дейді ол халықтың алдында кешірім сұраған бейнежазбасында.