Сорбұлақта жоғалған тікұшақтың табылмай жатқанына 10 күн болды

Әдлет Нұран

Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Кеген Тұрсынбаев іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын айтты

ТЖМ

Іздеу жұмыстарына көлдің лай болуы кедергі келтірген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сорбұлақ көлінің 50 пайызы тексерілген. Бәрі іздеп жатыр. Өңірлерден күш құралдары келген. Қазір таңнан бастап кешке дейін іздеп жатырмыз. Көлік прокуратурасы іс қозғаған», — дейді Үкіметтегі брифинг кезінде. 

Тұрсынбаев тікұшақтың табылмауына көлдің лай болуы қиындық туғызып тұрғанын айтады.

Іздестіру жұмыстары күрделі табиғи жағдайларда өтіп жатыр. Көл түбінің күрт тереңдеуі, су астындағы көріну деңгейінің нөлге тең болуы және ауа райының құбылмалылығы іздеу барысын қиындатып отыр. Соған қарамастан, жұмыстар тәулік бойы жалғасуда.