Әлихан Смайылов: Біз дайынбыз

Qaz365.kz редакциясы

Үкімет отставкаға кетуге дайындалып жатыр

primeminister.kz

Елордадағы №111 сайлау учаскесінде дауыс берген Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қазіргі Үкімет құрамының жұмысына қатысты пікір білдірді , деп хабарлайды qaz365.kz.

Премьер-Министр, Конституцияға сәйкес, Үкіметтің сайлаудан кейін отставкаға кететінін еске салды.
 

"Жаңа Премьер-Министр кім болатынын Президент пен Мәжіліс шешеді. Әрине, біз кез келген жағдайға дайын боламыз. Біз әрқашан мемлекет игілігі үшін жұмыс істеуге дайынбыз", - деді ол.