Арман Шораев: Тоқаевқа сенгім келеді

Qaz365.kz редакциясы

Жақындағы сот арқылы билік, керісінше, жарнама жасап бергенін айтты

Qaz365.kz

Қоғам белсендісі Арман Шораев Астанадағы №22 сайлау учаскесінде таңдауын жасады, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі. 

Мәжіліс депутаттығына кандидат Арман Шораев  журналистердің сұрақтарына жауап берді.

«Тәуелсіз баламалар Парламентке, мәслихаттарға кірсе, елде, әрине, күрделі өзгерістер болады деп ойлаймын. Өйткені ол жерге биліктің қуыршақтары емес, мен дей алатын біздің азаматтар шығып, шындықты шырылдатып айтса, өзгерістер болады. Сол үшін күресіп жатырмыз», - дейді ол.

Арман Шораев өзі сенгіш адам екенін атап өтті. «Тоқаевқа да сенгісі келетінін, ол кісіні жеке танитынын, бірнеше рет сырласқанын да» айтады,

«Айтқанынан танбайды деген сенемін. Бүгінгі сайлаудың нәтижесі көрсетеді – айтқан сөзі мен ісі сәйкес келе ме», - деді ол.

Арман Шораев сонымен қатар өзіне қатысты “жақындағы сот арқылы билік, керісінше, жарнама жасап бергенін” айтты. Сөзінше, Қазақстанның кез келген азаматы ол кезде шындық, патриотизм, қай жақта сепаратизм, Украинаны сатып кеткен бесінші колонна тұрғанын айқындап берген.

«Бәйгеге түскен соң, кейін мен деген салмақты, мықты ер шықса деп едім. Болмады. Сол намысыма тиді. Өкінішке қарай “Аманатта” да, билікте де маған тең келетін кандидат табылмады», - деді ол.