«Бүгінгі сайлауға өзгеше ажар бергім келді»: Қонаев тұрғыны сайлауға барыстың киімімен келді

Qaz365.kz редакциясы

Қонаев қаласының символы

azattyq-ruhy.kz

Қонаев қаласындағы №949 сайлау учаскесіне жергілікті тұрғын қаланың символына айналған барыстың киімін киіп келді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Облыс орталығының бас белгісіне айналған барыс киімін киген қала тұрғыны Нұрбек Орманов сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Нұрбек Жүзбайұлы жаңа мәртебеге ие болып, көркеюдің кемел жолына бастаған Қонаевтың символы - барыс киімін кию себебін түсіндіріп, бұл сайлаудың маңыздылығына тоқталып өтті.

«Егеменді ел ертеңі – жастардың қолында. Біз, ұшқыр ойлы жастар, жасындай жарқылдап, тиянақты еңбек етсек, Отанымыздың болашағы зор болмақ. Менің барыс киімін киген себебім - бүгінгі сайлауға өзгеше ажар бергім келді және Қонаев қаламызға деген биік құрметті символы арқылы суреттеуді қаладым. Бірақ бүгінгі әр азамат өз таңдауын жасаған айрықша сәтте бұл маңызды емес, мәндісі дауыс беру алаңынан ешбір тұрғынның қалыс қалмауы, өз таңдауы арқылы бедерлі болашаққа жол жалғауы болмақ», - қала тұрғыны.