Бұл көрсеткіш тізімге енгізілген азаматтардың 51,98 пайызын құрайды
Республика бойынша саяси науқан барысында сайлаушылардың 51,98 пайызы дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов айтты, деп хабарлайды qaz365.kz.
Оның атап өтуінше, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, астана уақытымен сағат 16:00-дегі жағдай бойынша өңірлер бойынша дауыс беру нәтижелері мынадай:
1. Абай облысы бойынша – 55,23%
2. Ақмола облысы бойынша – 58,96%
3. Ақтөбе облысы бойынша – 56,32%
4. Алматы облысы бойынша – 59,45%
5. Атырау облысы бойынша – 48,15%
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 58,61%
7. Жамбыл облысы бойынша – 64,78%
8. Жетісу облысы бойынша – 54,82%
9. Қарағанды облысы бойынша – 58,21%
10. Қостанай облысы бойынша – 64,81%
11. Қызылорда облысы бойынша – 64,95%
12. Маңғыстау облысы бойынша – 53,84%
13. Павлодар облысы бойынша – 58,43%
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 63,66%
15. Түркістан облысы бойынша – 49,14%
16. Ұлытау облысы бойынша – 58,26%
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 63,09%
18. Астана қаласы бойынша – 38,57%
19. Алматы қаласы бойынша – 19,14%
20. Шымкент қаласы бойынша – 42,31%
«Жалпы, сағат 16:00-дегі жағдай бойынша, республиканың 6 254 837 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 51,98 пайызын құрайды», - деді Асылбек Смағұлов.
Азаматтардың учаскелерге келуі туралы келесі ақпарат елорда уақыты бойынша сағат 18:10, 19:00 және 20:10-да берілетін болады. Алдын ала жасалатын жалпы қорытынды ақпаратты ОСК сағат 22:10-те ұсынады.