"Өз әйелін қаралағаны ұят болды": Берденовтің адвокаты сотталушы Жиембайды қатаң сынады

Әдлет Нұран

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің өкілі, адвокат Жеңіс Тыныбек сотталушы Ернар Жиембайдың өз әйелін қаралуын ұят тірлікке теңеді

скриншот

Адвокат Жеңіс Тыныбек сотталушы Ернар Жиембайдың сот кезінде әйелін қаралағанын қатты сынады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Негізі ол ұят тірлік қой. Ол да біреудің қарындасы, біреудің анасы. Сот бітеді, кетеді. Ал бәрі тарихта қалады. Бұл өз әйелін былай қаралағаны орынсыз деп санаймын. Түсінем, қазір ол мен “аффект жағдайында не болып жатқанын түсінбедім” деп отыр. Бірақ тергеуде сараптама бар. Сараптама оның өз ойымен бәрін біліп істегенін көрсетті”, – дейді ол.

21 сәуір күні Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің жараланғаны хабарланған еді. Оқиға орнында болғандар Берденовтің жүргізушісі құтқарып қалғанын, күдіктіні ұстауға көмектескенін айтады. Бұл оқиғадан соң, атысқа себеп болған түрлі нұсқадағы алып-қашпа әңгімелер тарай бастады. Біреу жұмыс барысында келіспеушілік туындағанын айтса, енді бірі Берденовтің күдіктінің жарына көз салғаны туралы айтты. Артынша Берденовтің таныстары мен Жиембайдың туыстары тарап жатқан ақпараттың барлығы шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.