Атырауда «Тәуелсіздік ұрпақтары» грант жобасының жеңімпаздары марапатталды

Qaz365.kz редакциясы

Биылғы жоба алты бағытты қамтыды: «Ғылым», «Медиа», «ІТ», «Мәдениет», «Бизнес» және «Волонтерлік»

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен және «Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен өткен «Тәуелсіздік ұрпақтары» грант жобасы өз мәресіне жетті. Жеңімпаздар “ATYRAU JASTAR FEST 2025” фестивалі аясында марапатталды, – деп хабарлайды Qaz365.kz.

Биылғы жоба алты бағытты қамтыды: «Ғылым», «Медиа», «ІТ», «Мәдениет», «Бизнес» және «Волонтерлік». Әр бағыт бойынша үш үздік жоба іріктеліп, жалпы саны 18 жас грант иегері атанды. Әрқайсысына 1 миллион теңгеден қаржылай қолдау көрсетілді.

— Медиа бағыты бойынша «Balamura» атты жылжымалы қуыршақтар театры жобасын ұсындым. Үздіктер қатарынан табылып, бүгін осындай үлкен сахнада марапатталу – мен үшін үлкен қуаныш. Алдағы алты айда жобаны толық жүзеге асырып, әрі қарай дамытуға ниеттімін, – деді грант иегері Айгерім Жолдасова.


Айта кетейік, «Тәуелсіздік ұрпақтары» грант жобасы – жастардың тың бастамаларын қолдап, белсенді әрі шығармашыл буынды қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік қолдау тетігі.