"Сиырмен соқтығысқан": Қарағандыда мотоцикл жүргізушісі жол апатынан қаза тапты

Qaz365.kz редакциясы

Жоғары жылдамдықпен келе жатқан 

Фото: istockphoto.com

Қарағандының шығыс айналма жолында, Шахтер кенті маңында қайғылы жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

karaganda_vkurse мәліметіне сүйенсек, алдын ала мәлімет бойынша, жоғары жылдамдықпен келе жатқан мотоцикл жүргізушісі жолға кенеттен шыққан сиырмен соқтығысып, алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Тұрғындардың айтуынша, бұл жол бөлігі автожол талаптарына сай болғанымен, малдың шығуы жүргізушілердің өміріне қауіпті.

Мамандар жүргізушілерді жоғары жылдамдықтағы жолдарда да барынша мұқият болуға шақырады.