Қазақстанның жеті облысында су басу қаупі жоғары – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

Qaz365.kz редакциясы

Бұл алдағы уақытта күннің күрт жылынуына байланысты

aikyn.kz

Көптеген елді мекендегі қауіп-қатерді жоюға мүмкіндік болды, дегенмен алдағы уақытта күннің күрт жылынуына байланысты, бірқатар өңірде су тасқынының жоғары қаупі сақталуда, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі.

Бұл туралы брифингте ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының басшысы Қаһарман Оразалин айтты.
 

«Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай облысында жоғары су тасқыны қаупі сақталады», - деді Оразалин.