Президент үш жылдың ішінде Қазақстан ифрлық ел болуы керегін айтты
Қазақстан үш жылда толыққанды цифрлық мемлекетке айналуы тиіс. Бұл жайлы президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Президенттің айтуынша, алдағы үш жыл ішінде Қазақстан толыққанды цифрлық мемлекетке айналуы тиіс. Осы мақсатта елде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылмақ. Жаңа министрлікті премьер-министрдің орынбасары деңгейіндегі маман басқаруы керек.
Айта кетейік, мемлекет басшысы бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Жолдауын жариялап жатыр.