Наурыз-2023: Президент Тоқаев ерекше сыйлық алды

Qaz365.kz редакциясы

Тазы өсіруші Анна Захарова Президентке тазының күшігін сыйға тартты. Күшіктің аты – Наурыз, 1,5 айлық.

akorda.kz

Президент тазы иттердің көрмесін тамашалады, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі  Ақордның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Nomad» ұлттық саятшылық» қоғамдық қорының төрағасы Болат Құнанбаев тазыны сақтау, өсіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.

Мемлекет басшысы тазыны халықаралық деңгейде дәріптеу қажет екенін айтты.

– «Құмай тазы – ерекше жануар, қазақтың жеті қазынасының бірі. Біз тазы мен төбетті халықаралық деңгейде кеңірек дәріптеуіміз керек. Сыртқы істер министрлігі де міндетті түрде атсалысуы қажет. Тазыға ерекше күтім, қамқорлық керек. Бұл маңызды іс кәсібилікті талап етеді. Сол үшін арнайы заң қабылдадық», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Шара барысында асыл тұқымды тазы өсіруші Анна Захарова Президентке тазының күшігін сыйға тартты. Күшіктің аты – Наурыз, 1,5 айлық.

«Сізге сыйлық тарту еткіміз келеді. Ежелден қазақы ит тұқымы Қазақстанда өте құнды сыйлықтың бірі саналып келген еді. Өкінішке орай, соңғы жылдары оның құндылығы төмендеп бара жатыр. Сіз қабылдаған “Қазақы ит тұқымдарын сақтау және көбейту “ туралы жаңа заңды қабылдаудың арқасында мына күшік те тазы тұқымын көбейтуге септігін тигізеді деп үміттенеміз. Құжаттары бар, аты – Наурыз. Ол осыдан 1,5 ай бұрын дүниеге келді. Тұқымында жалғыз болғандықтан, осындай ат берудің нышандық мәні болды», - деді тазы өсіруші.