Қазақстандықтар қазан айында неше күн демалады

Qaz365.kz редакциясы

Қазан айында бес күндік жұмыс аптасында істейтін қазақстандықтар тоғыз күн демалады

Ашық дереккөзден

Күздің екінші айында ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді, деп хабарлайды Qaz365.kz7

Мереке 25 қазанға белгіленген, биыл ол сенбіге сәйкес келеді. Сондықтан қосымша демалыс күні дүйсенбіге ауыстырылады. Осылайша, бес күндік жұмыс тәртібіндегі ел тұрғындары қатарынан үш күн – 25, 26 және 27 қазанда демалады.

1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері айқындалды.

Республика күні ұлттық мереке ретінде алғаш рет 1995 жылғы қазанда жарияланды, алайда 2009 жылдан бастап аталып өтпей келді. 2022 жылғы қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңға қол қойып, 25 қазанды қайтадан ұлттық мереке – Республика күні деп бекітті.

Қазіргі таңда Қазақстанда 1 маусым – Балаларды қорғау күніне қосымша демалыс енгізу туралы ұсыныс қарастырылып жатыр. Бұл бастаманы Еңбек министрлігі қолдағанымен, түпкілікті шешімді Үкімет әлі қабылдаған жоқ.