Ауғанстан аумағында болған жер сілкінісінен 13 адам қаза тапты

Qaz365.kz редакциясы

Қаза тапқандар арасында балалар да бар

apnews.com.

Ауғанстан аумағында болған жер сілкінісінен 11 адам қаза тапты, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі CNN сайтына сілтеме жасап.

Олардың арасында балалар да бар. АҚШ геологиялық барлау қызметінің ақпаратынша, магнитудасы 6,5 болатын жер сілкінісі Ауғанстандағы Джурм қаласынан оңтүстік-шығыста 40 километр жерде болған.

Ауғанстанның Табиғи апаттардың салдарын жою министрлігінің баспасөз хатшысы Шафиулла Рахимидің хабарлауынша, зілзаладан елдің солтүстік-шығысындағы Лагман провинциясында кем дегенде екі адам қайтыс болған. Тағы сегіз адам жарақат алған. Жер сілкінісі көршілес Пәкістанда да тіркелген.

News газетінің биліктің мәліметіне сілтеме жасап хабарлауынша, Пәкістанда кем дегенде тоғыз адам қаза тапқан. Тағы 110-нан астам адам жарақат алған. Хайбер-Пахтунхва провинциясында қайтыс болғандардың екеуі - бала. Пәкістанда жер сілкінісін көзімен көргендер желіде оқиға орнынан кадрлар жариялады.