Дүмпу 2-3 балл шамасында сезілген
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 23 наурыз күні сағат 02:07 кезінде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды qaz365.kz.
Ведомство таратқан дерекке қарағанда, жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 740 шақырым қашықтықта, Тәжікстан аумағында орналасқан.
«Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 14.1. MPV магнитудасы - 6,5. Эпицентр координаттары - 39.27° солтүстікке қарай - 69.80°. Тереңдігі - 25 шақырым», - деп жазды стансаның кезекші диспетчері.
МСК-64 шкаласы бойынша зілзала Қазақстанның Шымкент, Тараз қалаларында, Түркістан облысында 2-3 балл шамасында сезілген.
Еске сала кетейік, осыдан екі күн бұрын Ауғанстандағы жер сілкінісі Қазақстанның бірнеше өңіріне әсер еткен болатын.
Ол кезде де табиғат апатының күші 3 баллға дейін жетті.