Рамазан айы басталды

Qaz365.kz редакциясы

Қасиетті ай 20 сәуірге дейін жалғасады

Ашық дереккөздерден

Биыл Рамазан айы 23 наурызда басталып, 20 сәуірге дейін жалғасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ал, сәуір айының 17-нен 18-іне қараған түн – қасиетті Қадір түні. 21 сәуір – Ораза айт мерекесі.

Биылғы пітір садақасы жан басына 535 теңге болып бекітілді. Пітір садақасы мөлшері еліміз бойынша екі келі ұнның ортақ бағасы негізінде белгіленді. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады.

Qaz365.kz Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы таратқан ораза және намаз кестесін ұсынады.