Тәжікстанда 4,4 магнитудасымен тағы да жер сілкінісі тіркелді

Qaz365.kz редакциясы

Зілзала эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 727 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқан

AP Photo / Irwin Fedriansyah

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі сағат 9:50-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ведомство мәліметінше, зілзала эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 727 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 10.1. MPV магнитудасы - 4.4. Тереңдігі - 10 км. Сезілуі туралы ақпарат жоқ.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін түнде Тараз, Шымкент және Түркістан тұрғындары 2-3 балл қуатымен жерасты дүмпуін сезінді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 740 км қашықтықта Тәжікстан аумағында орналасты.