Мұрат Нұртілеу қызметінен босатылды

Qaz365.kz редакциясы

Енді ол Президенттің көмекшісі ретінде Ақордаға оралды

gov.kz

 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Президенттің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мұрат Нұртілеу сыртқы саясат ведомствосын басқара жүріп, Үкімет басшысының орынбасары міндетін де атқарды. Бұған дейін ол Президент әкімшілігінде түрлі лауазымдарда еңбек еткен.