Бұл жайлы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Жаслан Мәдиев ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды, деп жазады Qaz365.kz.
Бұған дейін Мәдиев 2024 жылдың мамырынан бастап Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметін атқарды.
«Ведомство басшысы Жолдауда айтылған Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдыру жөніндегі мақсатты іске асырумен шұғылданады. Президент министрге стратегиялық маңызы зор жұмысты атқаруға қатысты бағыт-бағдар берді», - деп жазды ҚР Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.