«Qnet» қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Бұл компания Астана мен Ақмола облысының аумағында 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жұмыс істеген.

Ашық дереккөздерден

«Qnet» қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі.

Бұл компания Астана мен Ақмола облысының аумағында 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жұмыс істеген.

Күдікті жеке тұлғалардан тартылған қаражатты кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, «Qnet» қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастырған.

Схема бойынша ескі салымшыларды жаңа келгендердің жарналары есебінен қайта бөлу және байыту арқылы жүзеге асырылған.

Өкілетті органның қорытындысына сәйкес, компания салымшыларынан түскен түсім сомасы 463 млн теңгені құрады.

Астана қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге 2 айға «қамауда ұстау» шарасына санкция берді.