Тоқаев бірқатар елдегі Қазақстан елшілерін ауыстырды

Qaz365.kz редакциясы
Ақорда

Мемлекет басшысының жарлықтарымен Қазақстанның бірқатар елдегі елшісі ауысты, деп хабарлайды Qaz365.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Данияр Сарекенов Словениядағы Төтенше және Өкілетті Елші қызметінен босатылды. Оның орнына Алтай Әбибуллаев тағайындалды.

Сондай-ақ Қазақстанның Хорватиядағы елшісі Дәулет Батырашев енді Босния және Герцеговина мен Черногориядағы елші қызметін қоса атқарады.

Ал Алжирдегі елші Әнуарбек Ахметов Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елші қызметін қоса атқарушы болып бекітілді.