Түркия түркі халықтарының азаматтарына ел азаматтарымен тең дәрежеде жұмыс істеуге мүмкіндік берді

Qaz365.kz редакциясы
ашық дереккөзден

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған түркі тектес шетел азаматтарының елде түріктермен бірдей деңгейде еңбек етуіне жол ашатын жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Report агенттігіне сілтеме жасап.

Жарлық Түркия үкіметінің ресми бюллетенінде жарияланды. Құжатта «Түркі тектес шетелдіктердің Түркияда өз мамандығы мен қолөнерін еркін жүзеге асыруына, сондай-ақ мемлекеттік және жеке секторда жұмыс істеуіне мүмкіндік беру туралы» заңға толықтырулар енгізілгені айтылған.

Жаңартылған талаптарға сәйкес, түркі тектес шетел азаматтарына Түркияда жұмыс істеу үшін:
тұруға рұқсат алу;
– кәсіби қызметі кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзбау;
– шетелде алынған біліктілік пен сертификаттардың баламалылығын растау;
– және түркі қауымына жататынын дәлелдеу қажет.

Бұл шешім Түркияның түркітілдес елдермен ынтымақтастығын тереңдетіп, ортақ еңбек нарығындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған қадам ретінде бағаланып отыр.