АИ-95 бензинінің бағасы 300 теңгеге жетті

Qaz365.kz редакциясы

Бензин бірден бес теңгеге қымбаттады

Артем Геодакян / ТАСС

Қазан айының басынан бастап АИ-95 маркалы бензин алғаш рет 300 теңгеден сатылып жатыр. Бұған дейін мұндай баға тек бір ғана желіде тіркелген болса, енді ірі жанармай құю станциялары да бағаны көтерді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі digitalbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Таңертеңнен бастап Royal Petrol бекеттерінде АИ-95 маркалы бензиннің литрі 300 теңге болып белгіленді, бұл алдыңғы бағадан 5 теңгеге жоғары.

Жаңартылған бағалар:

  • АИ-92 – 238 теңге (бұрын 235);

  • АИ-95 – 300 теңге (бұрын 295);

  • АИ-98 – 350 теңге;

  • Дизель отыны – 331 теңге.