Тоқаев пен Путин телефон арқылы алдағы сапарды талқылады

Qaz365.kz редакциясы

Бұл – Қазақстан мен Ресей басшыларының алдағы сапар жөнінде үшінші рет пікір алмасуы

Global Look Press

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Qaz365.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Әңгіме барысында тараптар жоғары деңгейде қол жеткізілген екіжақты келісімдердің жүзеге асу барысын қарастырды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың қараша айында Ресейге жасайтын мемлекеттік сапарына дайындық мәселелері талқыланды.

Бұл – Қазақстан мен Ресей басшыларының алдағы сапар жөнінде үшінші рет пікір алмасуы. Бұған дейін олар осы тақырыпты қыркүйек айының соңында телефон арқылы, сондай-ақ өткен аптада Душанбеде өткен жеке кездесуде сөз еткен еді.