Қазақстан азаматтарына енді Арменияға бару үшін жеке куәлік көрсету жеткілікті
Қазақстан азаматтарына енді Арменияға бару үшін жеке куәлік көрсету жеткілікті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті заңға қол қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Бұл келісім Қазақстан мен Армения азаматтарының екі елге еркін және жеңілдетілген тәртіппен сапарлауына мүмкіндік береді.
Құжатқа сәйкес:
азаматтар 90 күнге дейін визасыз жүріп-тұра алады;
егер елде 30 күннен артық болғысы келсе, ішкі істер органдарына тіркелуі керек;
ал 90 күннен ұзақ тұру үшін уақытша тұруға рұқсат алуға болады.
Мұндай өзгеріс екі ел азаматтарының саяхаттау мен іссапар шығындарын азайтып, өзара қатынастарды күшейтеді.
Енді: