Алматыда Республика күніне орай Төле би көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Qaz365.kz редакциясы

Қала билігі тұрғындар мен қонақтардан қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды

Pixabay.com

Республика күніне арналған мерекелік іс-шаралар аясында 21 қазанда Алматыда көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Осы күні «Астана» алаңында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «Жедел медициналық көмек қызметіне» жаңа санитарлық автокөліктердің кілтін тапсыру салтанатты рәсімі өтеді. Іс-шараға қала әкімі қатысады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және іс-шараны ұйымдастыру мақсатында көлік қозғалысы Төле би көшесінің Абылай хан көшесі мен Панфилов көшесінің арасындағы бөлігінде екі бағытта да уақытша тоқтатылады.

Шектеу 21 қазан күні сағат 10:30-дан бастап іс-шара аяқталғанға дейін жалғасады.

Қала билігі тұрғындар мен қонақтардан қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды және уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Айта кетейік, көлік қозғалысын шектеу жөніндегі өзекті ақпарат Almaty.kz сайты мен @AlmatyJoly Telegram арнасында жарияланып отырады.