Алматы мен Токио арасында тікелей әуе қатынасы ашылады

Qaz365.kz редакциясы

Алғашқы жылы Жапониядан Қазақстанға 5–7 мың турист келуі мүмкін.

depositphotos

2026 жылдың наурыз айында Air Astana әуе компаниясы Алматы – Токио бағытындағы жаңа тікелей рейсті іске қосуды жоспарлап отыр. Осы маңызды оқиға қарсаңында Жапонияның жетекші туроператорлары Алматыға келіп, қазақстандық туризм индустриясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Кездесуді «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы, Air Astana және Алматы қаласының Туризм басқармасы бірлесе ұйымдастырды. Шараның негізгі мақсаты – Қазақстан мен Жапония арасындағы туристік және іскерлік әріптестікті кеңейту болды.

Келіссөздерге мәдени, табиғи, премиум және MICE бағыттарында жұмыс істейтін Токионың 10 ірі туроператоры қатысты. B2B форматындағы жүздесуде тараптар бірлескен туристік өнімдерді дамыту, ортақ бағдарламаларды іске асыру және Алматыны жапон саяхатшылары үшін жаңа тартымды бағыт ретінде таныту мүмкіндіктерін талқылады.

Жапон делегациясы Алматы өңірінің табиғи және мәдени әлеуетіне ерекше қызығушылық танытты. Қонақтар Тянь-Шань тауларының әсем көрінісін, Шымбұлақ тау-шаңғы курорты мен Шарын шатқалының сұлулығын жоғары бағалап, қазақстандық ас мәзірімен де танысты.

Мамандардың айтуынша, жаңа бағыт іске қосылған алғашқы жылы Жапониядан Қазақстанға 5–7 мың турист келуі мүмкін