"Ақ жол" партиясының Мәжілістегі депутаттары анықталды

Qaz365.kz редакциясы

Партияның Ұлттық кеңесінің пленумы өтті

Ашық дереккөздерден

27 наурызда "Ақ жол" демократиялық партиясының Ұлттық кеңесінің пленумы өтті. Онда ҚР Парламенті Мәжілісінің сегізінші шақырылымындағы депутаттарды сайлау қорытындылары талқыланып, депутаттық мандаттар бөлінді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі.

"Ақ жол" партиясы пленумының бірауыздан шығарған шешіміне сәйкес, Мәжілістің депутаттық мандаттары келесі кандидаттарға сеніп тапсырылды:

- Барлыбаев Ерлан - экономист, Парламент Мәжілісінің VII шақырылым депутаты;
- Бейсенбаев Ержан – жас бизнесмен, «BIGLIFE» ЖШС тәуелсіз директоры, Жетісу облысы;
- Еспаева Дания - қаржыгер, Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты;
- Иса Қазыбек – ақын, партия төрағасының орынбасары, Парламент Мәжілісінің VII шақырылым депутаты;
- Перуашев Азат – партия төрағасы;
- Садықов Асқар – бизнесмен, партияның облыстық филиал төрағасы, Ақтөбе облысы.