Мен барлық белбеуді біріктіргім келеді – Жәнібек Әлімханұлы

Qaz365.kz редакциясы

Жәнібек Әлімханұлы кісіпқой бокстағы 13 жеңісіне қол жеткізді

tengrinews.kz

Орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы ұлыбританиялық Дензел Бентлиді жеңгеннен кейін енді қай боксшыға қарсы кездескісі келетінін айтты, деп хабалайды qaz365.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

"Орта салмақтағы кез-келген чемпионмен кездесуге дайынмын. Мен барлық белбеуді біріктіргім келеді",  – деді Әлімханұлы жекпе-жектен кейін шаршы алаңда. 

Айта кетейік, отандасымыз бүгін Лас-Вегас қаласында Дензел Бентлиге қарсы кездесуде чемпиондық белбеуін қорғап, төрешілер шешімі бойынша 116-112, 116-112, 118-110 есебімен жеңіп, белбеуін сақтап қалды. 

Еске салайық, орта салмақта WBA Super және IBF белбеулері Геннадий Головкинге тиесілі. Ал WBC белбеуі америкалық Джермалл Чарлода.