Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрында өтеді
Аңызға айналған актер әрі режиссер, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовті жерлеу 23 желтоқсан күні сағат 10:00-де болады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Марқұммен қоштасу рәсімі Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрында өтеді.
Нақты мекенжайы: Қабанбай батыр көшесі, 110.
Қазақтың абызының денесі “Кеңсай-1” зиратында жер қойнына тапсырылады.
Бұған дейін қазақ өнерінің абыз ақсақалы, белгілі актер Асанәлі Әшімовтің 89 жасқа қараған шағында өмірден өткені туралы хабарлаған едік.