Серік Күдебаев сотқа мәжбүрлі түрде жеткізіледі

Qaz365.kz редакциясы

Келесі сот отырысы 3-сәуір сағат 10:00 ге белгіленді

ҚР ІІМ

Бүгін, яғни 30-наурызда сағат 11:00 де Серік Күдебаевқа қатысты сот процессі өтуі тиіс болған. Бірақ айыпталушы сотқа келмеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Осы жайтқа байланысты судья Серік Күдебаевты сотқа мәжбүрлі түрде жеткізу жөнінде қаулы шығарды.

«ҚР ҚПК 157 және 335 тармақтарына сәйкес Серік Күдебаевты процеске мәжбүрлі түрде жеткізу жөнінде қаулы қабылданды. Келесі сот отырысы 3-сәуір сағат 10:00 ге белгіленді»,- делінген Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске салайық, Талдықорғандағы Жетісу облыстық сотында Серік Күдебаевқа қатысты сот 2023 жылдың 5-қаңтарда басталды.