Екі жасөспірім Алматы облысында сегіз жасар баланы зорлаған

Qaz365.kz редакциясы

Олардың бірінің әкесіне әкімшілік іс қозғалды

newtimes.kz

23 наурыз күні Қасымбек ауылының тұрғыны Жамбыл ауданының полициясына сол күні сағат 16:00-де 2015 жылы туған кәмелетке толмаған ұлына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері жасалғанын хабарлады. Баланың анасының айтуынша, 2011 және 2008 жылы туған екі жасөспірім ауылдың шетінде өздерінен жасы әлдеқайда кіші балаға зорлық көрсеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚР ІІМ-ге сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалып, тиісті тергеу жұмыстары жүргізілуде. Осы іс бойынша екі баланың бірінің – оқиғаның басты қатысушысы, 2011 жылы туған жеткіншектің әкесіне ҚР ӘҚБтК 127-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Сонымен қатар, 27 наурызда осы баланы арнайы мектепке жіберу туралы мәселені қарастыру үшін тиісті материалдар уәкілетті органға жолданған. 

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.