Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» қорының директорлар кеңесінің қатарына қосылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Самұрық-Қазына» қорының ресми сайтындағы дерекке зер салсақ, Ерболат Досаев директорлар кеңесінің мүшесі ретінде көрсетілген.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласының әкімі болған Ерболат Досаев қыркүйектен бастап Президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарып келеді.