Олар өздерін «Халық кеңесін» құрушылар деп жариялаған
Солтүстік Қазақстан облысында өздерін «Халық кеңесі» деп жариялаған сепаратистерге қарсы қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
«Бұл ақпарат Солстүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде тіркелді. Жедел тергеу шаралары жүріп жатыр», – делінген жергілікті полиция департаменті берген ақпаратта.
Әлеуметтік желіде өздерін «Халық кеңесін» құрушылар деп жариялаған бір топ адамның видеосы тарады. Видео жедел тарап, қызу қоғамдық талқыға түсті.
Тараған бейнежазбада 19 наурызда Солтүстік Қазақстанда әлдебір 19 адам жиналып, «Халық кеңесі» құрылғанын жария етіп, тіпті оның «жарғысының» жобасын, «декларациясын» қабылдап, төрағасы мен хатшылығын да сайлап тастаған. Қазіргі кезде әлеуметтік желіде тараған видео қызу талқылануда.