Ол бір кездері «Қаңтар оиқғасы» туралы біле тұра айтпады деп сынаған сынаған Бекболат Тілеуханның кабинетінде отырудан еш әбестік көрмейтінін айтты.
Су жаңа Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовқа экс-депутат Бекболат Тілеуханның кабинеті бұйырды, деп хабарлайды Qaz365.kz
Ол бұрын бір сұхбатында өнердегі ағасын «Қаңтар оқиғасын» біле тұра ескертпеді деп айыптаған. Экс-депутат оған Әміржан Қосановты қолдағанын айтып, жауап бергені бар. Енді су жаңа мәжілісімен сол адамның кабинетіне жайғасты.
“Бұл бұрын Бекболат Тілеуханның кабинеті болған екен. Әркімнің маңдайына жазылған жолы бар.Мен қазір Бекболат аға кабинетіне отырмаймын дегенім дұрыс болмайды. Сосын менен кейін де тағы біреу келіп, солай айтып жатса сол жақсы ма? Одан ешқандай жаман белгі көріп тұрған жоқпын”, - дейді Ринат Зайытов «Басты жаңалықтарға» берген сұхбатында.
Бұған дейін Ринат Зайытов сайлаудағы фальсификация жайлы пікір білдірген болатын.