Қайтарылған активтер өтпей тұр
«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС 2025 жылғы 30 желтоқсанға жоспарланған электронды аукционның өтпегенін мәлімдеді. Себебі бірде бір қатысушы өтінім жібермеген, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Аукционға кәдесый болатын монеталар, зергерлік бұйымдар мен қолға тағатын сағаттар шығарылған еді.
«Барлығы — 39 лот. Лоттардың бастапқы жалпы құны 631 839 861 теңге. Ашық электронды сауда өткізу қағидаларына сәйкес, аукциондар өтпеді деп танылды. Алдағы уақытта бұл активтер белгіленген тәртіппен E-Qazyna платформасында қайта саудаға шығарылады. Сауда-саттықтың жаңа күндері туралы ақпарат компанияның ресми ресурстарында және E-Qazyna ашық аукциондар платформасында қосымша жарияланатын болады», — деп мәлімдеді «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы».
Еске сала кетсек, бұған дейін Qaz365.kz редакциясы 30 желтоқсанда қайта саудаға шыққалы жатқан олигархтардың бағалы заттары жайлы жазған болатын. Толығырақ материалымыздан оқыңыз.