Вице-премьер Серік Жұманғариннің әйелі биржа арқылы 88 млн қаражат тапты

Қарғалдақ

Министрліктің ресми сайтында вице-премьердің жұбайының 88 678 984 теңге тапқаны көрсетілген

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің жұбайы өткен жылы қомақты табыс тапқан. Ресми дерекке сәйкес, Сәния Садықованың 2024 жылғы жеке кірісі 88 миллион теңгеден асып отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Министрдің жалақысын немесе мемлекеттік қызметтен түскен табысты санамағанда осындай қаражат тапқан. 

Құжаттарда көрсетілген дерекке зер салсақ, Сәния Садықова табысын қор нарығындағы бағалы қағаздарға салған инвестицияларынан алған. Яғни, кіріс дивиденд пен сыйақы түрінде түскен.

Бұл мәліметтер Ұлттық экономика министрлігінің ресми сайтында жарияланған декларацияда көрсетілген. Құжатта отбасылық табыс туралы есепті министрдің өзі емес, жұбайы тапсырғаны нақты жазылған.

Айта кетейік, биыл бірқатар шенеунік табыс декларациясын белгіленген мерзімнен кеш өткізген. Соған қарамастан, Серік Жұманғарин 2024 жылға қатысты қаржылық мәліметтерін ашық жариялаған санаулы министрлердің бірі. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Серік Жұманғарин өзін «салық реформасының әкесі» деп атайтынын айтқан еді.