Досаевтың жұбайы жылына 2,3 млрд теңге тапқан

Qaz365.kz редакциясы

Гүлнәр Досаеваның 2024 жылғы табысы жұбайының табысынан асып түсті

Фото: Gov.kz

Алматының бұрынғы әкімі Ерболат Досаевтың табысы жұбайының табысына қарағанда әлдеқайда «аз» болып шықты. Декларацияға қарасақ, оның әйелі жылына 2,3 миллиард теңге тапқан, ал өзінің табысы 14 миллион теңге деп көрсетілген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Президент әкімшілігі қызметкерлерінің 2024 жылғы кіріс жайлы декларациясында қызық деректер бар. Ерболат Досаевтың өзі 14 миллион теңге тапса, әйелі Гүлнәр Досаева 165 есе көп қаражат тапқан. Яғни табысы 2,3 миллиард теңге деп көрсетілген.

Қазір Ерболат Досаев Президент әкімшілігінің басшысының орынбасары қызметін атқарып отыр. Ол 2025 жылдың қыркүйегіне дейін Алматы қаласын басқарған. Сонымен қатар, ол өткен жылдың желтоқсан айында «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесіне де қосылған.

Сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовтің әйелі 24,9 миллион теңге тапқан. Дегенмен ол өз табысын көрсетпеген. Президенттің көмекшісі Қуанышбек Есекееевтің табысы да жазылмаған, бірақ оның әйелі 48,3 миллион теңге тапқан. Президент кеңесшісі Алексей Цойдың табысы көрсетілмеген, әйелі – 1 миллион тапқан. Президент әкімшілігіндегі мемлекеттік инспектор Батыржан Байжұмановтың табысы да жазылмаған, ал жұбайы 2,6 миллион теңге тапқан.

Еске сала кетсек, Ұлттық экономика министрі және вице-премьер Серік Жұманғариннің жұбайының 88 миллион теңге тапқаны белгілі болды.