Трамп өзін Венесуэла президенті етіп көрсеткен суретті жариялады

Qaz365.kz редакциясы

Венесуэла халқы отар болуға түбегейлі қарсы

AP Photo / Evan Vucci

АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social атты әлеуметтік желісінде «Уикипедия» секілді  жасалған скриншот жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Суретте Трамптың 2026 жылы қаңтардан бастап Венесуэла «президенті атанғаны» жазылған. 

Ресми мәлімет бойынша қазіргі таңда Венесуэла президентінің міндетін елдің вице-президенті Дельси Родригес атқарып отыр.

2026 жылдың жылдың басында Венесуэладағы жағдай күрт өзгерді. Қыркүйек–желтоқсан айларында Вашингтон мен Каракас арасындағы қақтығыс бірнеше ай бойы жалғасқан соң, 3 қаңтар 2026 жылы түнде АҚШ әскері Венесуэлаға кіріп, елдің президенті Николас Мадуро мен оның жары Силия Флоресті ұстады және оларды елден шығарып әкетті. Мадуро Нью‑Йорк қаласына жеткізілді. Мадуро мен Флорес Нью-Йоркке жеткізілді, онда олар «есірткі терроризмі» бойынша айып тағылды. Алғашқы сот отырысы да өтті. Венесуэла басшысы тағылған айыптардың бәрін жоққа шығарды.