Астанадағы ойын-сауық орталығында эскалатордағы ақаудан 3 адам зардап шекті

Qaz365.kz редакциясы

Екі ересек және бір бала зардап шекті

mk.ru

Астанадағы «Сарыарқа» сауда, ойын-сауық орталығында эскалатор кенеттен қатты жүріп кетіп, салдарынан екі ересек және бір бала зардап шекті. Болған оқиғаны Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Видео: телеграм

«Есіл ауданы, Тұран даңғылы, 24 мекенжайындағы «Сарыарқа» СОО-да алдын ала мәлімет бойынша, эскалатор 3-қабаттан 2-қабатқа кенет қатты түскен. Ол уақытта эскалаторда 20-ға жуық адам болған. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, төменге қатты түсуден екі ересек және бір бала аздаған дене жарақатын алды», - деді Р.Иманқұлов.

Ресми өкілдің айтуынша, оқиға 31 наурыз күні сағат 23.52-де болған.

Зардап шеккен адамдар медицина мамандары қарағаннан кейін үйлеріне жіберілді.