Алматыда "Халықтық парламенттің" алғашқы жиыны өтті

Qaz365.kz редакциясы

Ұйым саясаткерлерден, журналистер мен экономистер, заңгерлерден құралған.

Видеодан кадр

 Алматы қаласында "Халықтық парламенттің" алғашқы жиыны өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz

"Халықтық парламент" саясаткерлерден, журналистер мен экономистер, заңгерлерден құралған.

Қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан өзін отырыстың ұйымдастырушысы ретінде хабарлап, жиын жоспарымен таныстырды. 

Баламалы бас билік ұйымының құрамында Арман Шораев, Рысбек Сәрсенбай, Инга Иманбай, Санжар Боқаев сынды елге танымал азаматтар бар.

Инга Иманбай саяси тұтқындардың тақырыбын көтерді. Ол Жанболат Мамай, Қалас Нұрпейісов, Данат Намазбаев, Ермек Нарымбай және басқаларды босатпаған жағдайда, құр қарап отырмау керектігін,  бұған барлық жолдармен, соның ішінде митингтерге шығу арқылы қол жеткізу керек екендігін айтты.

Лұқпан Ахмедьяров өзін-өзі ұсынушылар мен биліктен дәмелі үміткерлер үшін үгіт-насихаттың тең емес шарттары туралы айтты.

Рысбек Сәрсенбайұлы "Халық парламентінің” мақсаттарын түсіндірді. Оның ішінде ҰҚШҰ, ЕАЭО, тағы басқа "уытты одақтардан" шығу бар. Осы бағыттардың барлығын жүзеге асыру үшін "Халық парламенті" шеңберінде бес жұмыс тобы құрылатын болады.

Іс-шарада сайлауға қатысты қаржы бөлінісі, сайлауға қатысу, сайлауға түсу тәртібі мен тіл, діл, дін мәселесі де қызу талқыға түсті.