Өзін рухани тәлімгер деп таныстырған Назарбаевтың жиені Швейцарияда спикер болмақ

Qaz365.kz редакциясы

Тұңғыш президенттің жиені шетелде рухани шарада сөз сөйлейді

Фото: Instagram / Нұрәлі Әлиев

Нұрәлі Әлиев Швейцарияның Давос қаласындағы Mental Health Day форумында спикер болады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Нұрәлі Әлиев — Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені. Ол 20 қаңтар күні Heimatmuseum Davos мұражайында өтетін іс-шарада сөз сөйлейді.

Форум биыл екінші рет өткізіліп отыр және психикалық денсаулықты сақтау, адамның ішкі тепе-теңдігі, табиғатпен үйлесім, сондай-ақ руханият пен ғылыми зерттеулердің тоғысындағы жаңа тәсілдерге арналмақ. Ұйымдастырушылардың деректеріне қарасақ, шара «холистикалық сауығу, төзімділік және адам мен табиғат арасындағы байланысты қайта қалпына келтіру» тақырыптарын қамтиды.

Жақында Нұрәлі Әлиев The Spark of Life жобасын таныстырып, өзін рухани тәлімгер ретінде көрсеткен болатын. Дегенмен ондағы Mantra dose атты психоделикалық заттар сататын серіктес жайлы және оның қауіпі жайлы дау көп. Бұл бастама жайлы толығырақ зерттеу материалымыздан оқыңыздар.