Қажетті вагондарға да бас мердігер өздері тапсырыс бермек
Астана қаласындағы шуға ұласқан LRT құрылысын Қытай компаниясы аяқтайтын болды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.
Қала әкімі Жеңіс Қасымбек LRT құрылысын қай елдің компаниясы салатынын атады.
– Бас мердігер – Қытай елінің компаниясы. Сол компания аталған нысанды құрылысын әрі қарай салатын болады, – деді Жеңіс Қасымбек кәсіпкерлермен кездесуден кейін БАҚ өкілдеріне сауалына жауап бере отырып.
Алда пайдалануға бермес бұрын қажетті вагондарға да бас мердігер өздері тапсырыс бермек.
– Нысанның вагондар құрамына да мердігер компания тапсырыс береді. Солар салатын болғандықтан, нысанды өздері аяғына дейін жеткізеді, – деді Астана қаласының әкімі.
Бұған дейін Астанада құрылысы аяқталмаған нысанға 50 млрд теңге бөлінетіні белгілі болды. Сонымен бірге, қала әкімі құрылыс жұмыстары келер жылдың соңында толығымен аяқталатынын айтқан еді.