Қазақстандықтар мұндай ойыншықтарға елімізде тыйым салуды және дүкен директорын сотқа беруді талап етуде
«Ресей армиясының әскери базасы» және басқа да осыған ұқсас ойыншықтар «Балалар әлемінің» сөрелерінен астаналықтардың көзіне түсті, деп хабарлайды Qaz365.kz. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.
Ресейде жасалған әскери ойыншықтардың суреттерін спортшы Айдар Махметов жариялады.
Кадрларда «Ресей армиясының әскери базасы», сондай-ақ коллекциясы «Сыпайы адамдар» деп аталатын сарбаздардың мүсіндері көрсетілген.
Спортшы мұндай өнімдерді «көршіміздің ерекше құндылықтарының нағыз насихаты» деп атады.
«Украинада барлығы «сыпайы адамдардан» басталды... Құзырлы органдар мұны анықтап, іс видеодағы қарапайым кешірім сұраумен шектелмейді деп сенемін», - деп жазды ол.
Түсініктемелерде қазақстандықтар мұндай ойыншықтарға елімізде тыйым салуды және дүкен директорын сотқа беруді талап етуде.