Алматыда 2 балдық жер сілкінісі сезілді

Qaz365.kz редакциясы

Энергетикалық санаты – 8.2. MPV магнитудасы – 3.6.

Ашық дереккөздерден

Алматыдан 17 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС мәліметінше, жер сілкінісі бүгін, 2 сәуір күні, жергілікті уақытпен сағат 16:56-да тіркелген.

«Эпиорталығы Алматыдан 17 км қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 8.2. MPV магнитудасы – 3.6. Эпиорталық координаттары – 43.07° с.е. және 76.81° ш.б. Тереңдігі - 10 км. МSК-64 бағаны бойынша Алматы қаласында сезілуі 2 балл болды», - делінген хабарламада.