Жұмысынан босатылған Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

Qaz365.kz редакциясы
Серік Сәпиевтің парақшасынан

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметінен кеткен Серік Сәпиев Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Министрлік мәліметінше, Сәпиев XX жазғы Азия ойындарына дайындық жөніндегі штабтың спорт блогын үйлестіретін координатор қызметін атқарады. Тағайындау «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңда көзделген ротация жүйесі аясында жүзеге асқан.

Дайындық штабының құрамына министрлік өкілдерімен қатар ұлттық спорт федерацияларының басшылары және сала ардагерлері енгізілген. Олар жарысқа әзірліктің әр кезеңін пысықтап, қойылған міндеттердің уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етпек.

Айта кетейік, Серік Сәпиев – Лондон Олимпиадасының чемпионы, 2010 жылы Гуанчжоуда өткен жазғы Азия ойындарының жеңімпазы. Бұған дейін Мәжіліс депутаты, Спорт істері комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. Қарағанды облыстық спорт басқармасының басшысы қызметінен ол 3 ақпанда кеткен еді.