Италияда өткен 2026 жылғы қысқы Олимпиадада спортшыларға берілген медальдердің сапасы сынға ұшырады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
New York Times жазған деректерге зер салсақ, АҚШ-тың тау шаңғысы жарысының чемпионы Бризи Джонсон алғаш болып медальдің кемшілігін көрсетті.
«Мен қуанғаннан секіріп қалған кезде медалім жай ғана жерге құлап түсті», — деді Джонсон.
Германияның биатлоншысы Юстус Штрелов та қуанышты сәтте қола медаль жерге құлап түскеннен кейін жарықшалар пайда болғанын көрсетті.
АҚШ-тың мәнерлеп сырғанаушысы Алиса Лью медалі мен лентасын көрсетіп:
«Менің медаліме лента қажет емес», — деп әзілдеді.
Олимпиада ұйымдастырушылары медальдерге қатысты шағымдардан хабардар екенін және мәселені тексеріп жатқанын айтты. Кейін олар медальдердің құлауына қатты тартқанда, секіргенде ажырайтын механизм әсер еткен болуы мүмкін деп түсіндірді. Медальдерді Италияның мемлекеттік баспа және монеталық институты өндірген.
Айта кетейік, Олимпиададағы медальдер мәселесі бұрын да болған. 2025 жылғы ақпанға дейін Париждегі жазғы Олимпиада ұйымдастырушыларына 220 медальді ауыстыру туралы өтініш түскен.