ҰҚК ШҚ Күдебаевқа қатысты мәлімдеме жасады

Qaz365.kz редакциясы

Айта кетейік, ол 3 сәуір күні сағат 10:00-де сотқа жеткізілуі тиіс болған

ашық дереккөзден

Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы  Серік Күдебаев Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан ресми жұмыс істеп тұрған бекеттер арқылы өткен жоқ, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінен мәлім етті.


Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі азамат Серік Мырзақұлұлы Күдебаевтің (01.01.1965ж.т.) ресми жұмыс істеп тұрған өткізу пунктері арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өтпегенін хабарлайды.Бүгінгі күні шектес мемлекеттердің шекара өкілдері аппаратымен бірлесе отырып, тексеру тағайындалды, – делінген хабарламада.


Айта кетейік, ол 3 сәуір күні сағат 10:00-де сотқа жеткізілуі тиіс болған. Бірақ прокурор күдіктіні алып келу туралы қаулыны орындау барысында Серік Күдебаевтің елден кетіп қалғаны туралы мәлімет ұсынған. Кейіннен оның 23 наурыз күні Бішкек қаласындағы Манас халықаралық әуежайынан Түркияның Стамбұл қаласына ұшып кеткені анықталды.